ДЖАСТИН ҚАЛАЙ ТАНЫЛДЫ?

Джастин Бибер – 1994 жылы 1 наурызда Канаданың Лондон қалашығында дүниеге келген. Әкесіз өскен ол нағашы ата-әжесінің қолында тәрбиеленеді. Ал анасы Маллет ұлын асырау үшін бірнеше жерде жұмыс істейді.

Кішкентайынан зерек өскен Джастин көп өнерді өз бетінше меңгеріп алады. Күйсандықта, барабанда, сырнайда ойнауды үйреніп, шахмат, дойбы, хоккей, футболға әуес болған.

Он екі жасқа толғанда ол жергілікті жерде өткен ән байқауына қатысып, екінші орынды иеленеді. Анасы бұл байқауды достары мен туыстарына көрсету үшін ғаламторға салып қояды. Ұлының табиғи дарынын байқаған анасы оның басқа да айтқан әндерін үнемі ғаламторға салып отырған. Міне, Джастиннің жұлдызды жолы осы сәттен басталады.

2008 жылы Джастин Бибер менеджер Скутер Браунның Ашермен біріккен жобасымен келісім-шартқа отырады.

2009 жылы екі альбом шығарып, небәрі он бес жасында танымал жанға айналып шыға келеді.

Әндері жоғары сұранысқа ие Джастин Барак Обама мен Мишель Обаманың алдында да өнерін көрсетеді. Жергілікті телеарналар жарыса көрсетіп, Джастиннің даңқы одан сайын асқақтай береді.

Бибердің «Baby» бейнебаяны ғаламторды «жарған».

2011 жылы YouTube-те ең көп қаралған видео Биберге тиесілі. Көрушілер саны – 2 миллиард!

Концертінде билет сатылымы жағынан Бибер әлемдік рекордты жаңартқан. Бір сағаттың ішінде 40 мың адам билетті сатып алады.

Дайындаған А. АЗАМАТ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған