«БІЗ ҚАЗАҚТАР ЕТСІЗ ҚАЛАЙ ӨМІР СҮРЕМІЗ?» Н.НАЗАРБАЕВ ДИЕТА ЖӘНЕ СПОРТ ЖАЙЛЫ АЙТТЫ

Н.Назарбаев дене бітімін қалай жақсы күту керек, спортпен шұғылдану жайлы айтты. Елбасының  видеосын  Қазақстан Республикасы президентінің телерадиокешені Instagram парақшасында  жариялады.

«Кімнен сұрамасаңыз да – барлығының салмақ тастағысы келеді. Тіпті, салмағы аздардың өзі артық салмақпен күреседі. Үнемі диетада жүру,ет жеу зиян, майлы тағам тіптен зиян.

Біз қазақтар етсіз қалай өмір сүреміз?! Бір ұрыны ұстап алып. Алып келіп «неге ұрлайсың?» дегенде ұры «Жылқының еті тәттілігін қойса, мен ұрлығымды қоямын», деген екен.

Менің негізгі ұстанымым – әр адам өз ағзасы нені қалайды, соны жеу керек. Мен барлық кезде айтып жүремін, спортпен шұғылдану керек. Әр адам өзін күтуі керек. Біз  денсаулығы мықты ұлт болуымыз керек. Мен білемін, біздің жастар соған күш салуда. Мен ешқандай арнайы диета ұстамаймын,» деген Елбасы  видео – роликте.

Фото: www.inform.kz

2 Comments on “«БІЗ ҚАЗАҚТАР ЕТСІЗ ҚАЛАЙ ӨМІР СҮРЕМІЗ?» Н.НАЗАРБАЕВ ДИЕТА ЖӘНЕ СПОРТ ЖАЙЛЫ АЙТТЫ”

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған