ӘКІМ САЙЛАУЫ: ШАРДАРАДА ӘЛЕМНІҢ ЕҢ МЫҚТЫ ҚОЛКҮРЕСШІСІ ДАУЫС БЕРДІ

Әлемнің ең мықты қолкүресшісі, әлем чемпионы Қыдырғали Оңғарбаев бүгін Шардара қаласындағы №850 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Айта кетейік,Шардара ауданында 33 сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап дауыс берушілерге қызмет көрсетіп жатыр. Аудан бойынша 44 109 тұрғын сайлау құқығына ие.
Барлық сайлау учаскелері материалдық-техникалық жабдықтармен толық қамтылған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған