ӘЙЕЛДЕРГЕ 6 КЕҢЕС

Әйелдер үшін ең маңызды дүние тазалық болып есептеледі. Әрбір нәзік жанды үшін үйдің, жуынатын бөлменің, ас бөлменің таза болуы маңызды. Осы орайда біз сіздерге көмектесетін қарапайым 6 әдіспен бөліспекпіз.

  1. Қуыруға арналған табалардағы қатып қалған майдан арылу үшін қарапайым ғана қамыр қопсытқыш пен сірке қышқылын араластырып сүртіп шықса, қуыруға арналған таба да, қазан да тап-таза болып шығады. Ең бастысы екеуін бірдей мөлшерде араластырып алу керек.
  2. Кейде балалары бар шаңырақтарда шай ішетін үстелде, не болмаса киім салатын жиһаздарға жабыстырмалы суреттерді тізіп жабыстырып тастайтыны белгілі. Кейде ондай суреттер тәттілердің қағазынан, не болмаса сағыздың орағышынан шығып жатады. Оны тазалау үшін қарапайым ғана шаш кептіру құралы көмекке келеді. Шаш кептіргіш құралмен әлгі жабыстырмалы суретті қыздырсаңыз астындағы желім еріп, оп оңай алынады.
  3. Ел арасында АҚШ-та газдалған сусындар арзан кезінде кока-кола сусынымен елдің полиция қызметкерлері қылмыстан соңғы қан дақтарын тазалап отырған деген алып-қашпа сөздер жиі айтылады. Рас болуы әбден мүмкін. Себебі, егер терезе әйнектерін тазалағыңыз келсе, онда осы сусынды шашып жіберіп сүртіп шықсаңыз, әйнек мөлдірдей таза болып шығады. Жуынатын бөлме мен әжетхананы тазалағанға да бұл сусын таптырмас құрал екенін еске саламыз.
  4. Тіс пастасы жуынатын бөлмедегі ванна мен қол жуатын орынды өте тамаша тазалай алады. Ол үшін тіс щеткасына аздап тіс пастасын жағып сүртіп шықсаңыз болғаны. Ең маңыздысы, ол тек тазалап қана қоймай жағымсыз иістен де арылтады.
  5. Қарапайым ғана қызанақтардан дайындалған кетчупты асқа тұздық қана емес, одан бөлек тазалық құралы ретінде де пайдалануға әбден болады. Оның кез-келген металды жылтыратып шығаратын қасиеті бар. Ол алтын, күміс бұйымдарды, металл ыдыстарды да тазалай алады. Сондай-ақ асханадағы суағарларды да кетчуппен тазалап алуға болады.
  6. Таңды бір шыны кофеден бастайтынымыз рас. Одан соң шыныаяқтағы кофе қалдығын тастауға асықпаңыз. Ол асханадағы көкөністер турауға арналған тақтайшаны жағымсыз иістен тазартады. Сондай-ақ, жібітілген ұнтақталған кофені тоңазытқышқа салып қойса, жағымсыз иісті өзіне сіңіріп алады.

Дайындаған: А. БАҚЫТ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған