Сайт туралы

MIXNEWS.kz – бұл өз аты айтып тұрғандай кең ауқымдағы жаңалықтар топтамасын жариялайтын ақпараттық агенттік. Агенттік ақпараттық, қоғамдық, танымдық, саяси, мәдени сондай-ақ басқа да салалар бойынша қазақ тілінде ақпарат таратады. Бүгінде еліміз дамып, өсу, өркендеу жолына түскен жас мемлекет. Бүгінгі ақпараттық технологиялар қарыштап дамыған заманда мұндай қазақ тілді, сауатты да, қажетті ақпарат тарататын MIXNEWS.kz дәл уақытында, дәл кезеңінде оқырмандарға жол тауып отыр деп ойлаймыз. Біз өздеріңізді сүбелі де жағымды, шынайы ақпараттармен сусындатуға дайынбыз.

Агенттіктің ерекшелігі де сол, барынша қоғамға, адамға, отбасына қажетті жаңалықтармен бөліспек. Сонымен қатар сүбелі сұхбаттар жарияланып тұрады. Бүгінде қоғамда орын алып жатқан сан түрлі мәселелерді қамтитын ішкі жан-дүниеңді, түйсігіңді, жүрегіңді шымырлататын түрлі оқиғаларға негізделген әңгімелерді де біздің сайттан таба аласыз.

Адамның тұлға ретінде даму, өсу, өркендеу, табысты болу сырлары да біздің арнайы бөлімдерде жарияланып тұрады. Яғни психология саласында да қажетті ақпараттарды тұрақты түрде ұсынуды әдетке айналдыру жоспарымызда бар.

Дәл қазіргі кезеңде нәзік жандылар үшін ең маңызды тақырыптардың бірі болып саналатын сұлулық әлемі де шет қалмай, денсаулық айдарының аясында өздеріңізге жол табатын болады.

Бүгінде әлеуметтік желінің өзі қоғамда өз орны бар, айтар ойы бар, тыңдалатын аудиториясы бар ауқымды күшке айналғаны баршамызға белгілі. Осы орайда біз әлеуметтік желілерде жарияланып тұратын пікірлердің ең өткір, ең құнды, ұлттық болмысымызды дәріптейтін тұстарын да өздеріңізбен бөлісіп отырмақпыз.

Таным айдары аясында жан дүниені ғана танып қоймай, еліміздің көрікті жерлері жайлы да тың да қызықты ақпараттар ұсынылады.

Ақпараттар мен танымдық дүниелерді тез әрі уақтылы табу үшін біз сіздердің жағдайларыңызға ыңғайлап бірнеше бөлімді дайындадық. Атап айтар болсақ ЖАҢАЛЫҚТАР, САЯСАТ, АЙМАҚ, МӘҢГІЛІК ЕЛ, ӘЛЕМ ТАНЫҒАН, БАЛАЛАР ӘЛЕМІ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ, ҚОҒАМ, СҰХБАТ, БИЗНЕС, МӘДЕНИЕТ, ДЕНСАУЛЫҚ, ОТБАСЫ, ПСИХОЛОГИЯ, ӘЛЕМ, СПОРТ, БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ, ТАНЫМ, БАҚ БЕТТЕРІНДЕ сынды бөлімдер сіздерді өздеріңіз қалаған бағыттағы ақпараттар мен танымдық дүниелермен таныстыратынына, хабардар ететініне сеніміміз мол.

БІЗБЕН БІРГЕ БОЛЫҢЫЗДАР! БІЗ ҚАШАНДА СІЗДЕРМЕН БІРГЕМІЗ!