«17 МИЛЛИОН АДАМНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН СЕЗІНЕМІН»

Кәсіпқой бокстан WBC нұсқасы бойынша жастар арасындағы Әлем чемпионы, жерлесіміз Садриддин Ахмедов көпшіліктің ыстық ықыласына бөленуде. Жанкүйерлерін шаршы алаңдағы шеберлігімен ғана емес, шешендігімен де риза еткен жас батырымыздың әр сөзі қара тасты қақ айырған алмас қылыштай өткір. Бірде «Қазақ болып тумағанда нетер ем» деп, ұлты үшін көкірегін мақтаныш кернесе, енді бірде қазақ елінің Көк туы көкке көтерілетін күнге оқтай ұшып, жылдам жеткісі келеді. Сіз де мақтаныңыз. Қазақта осындай ұлдар бар. Ендеше, ел алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып ағынан жарылған ұлдың жазбасын назарыңызға ұсынамыз.

«Әр жекпе-жек мен үшін өз-өзімді нық қолға алып, қиыншылықтарға мойымай, жаңа белесті бағындыруға бір мүмкіндік. Себебі, ол кезде өз ғана намысымды емес, қазақ елінің беделін қорғайтынымды, абыройын арқалайтынымды, 17 миллион адамның жауапкершілігін сезінемін. Өзге xалықта қалыптасқан «Один в поле не воин», «Жалғыздың шаңы шықпас» деген сөз, бұл біздер – қазақтар үшін айтылмаған. Себебі, кезіндегі қазақтың айбарлы xаны Жәңгір xанның 600 ғана әскермен Жоңғардың 50 мың қолына қарсы тұрып, ойсырата тойтарыс беруі, ал бүгінгі таңдағы Головкин, Димаш секілді ағаларымыздың әлемдік аренада жарық жұлдыз болып жарқырап, қазақтың шоқтығын биік етуі бұған дәлел.

Менің әрбір рингке шығуыма біріншіден ата-бабамыздың, xалқымыздың мықты руxы дем берсе, екіншіден әкемнің құстың ұлпасындай болған жылы сөздері мен маған деген сенімі жігерлендіреді. Әлі есімде, әкемнің ең алғаш қолымнан жетектеп боксқа алып келіп: «Еліміздің мерейін үстем ететін, менің ұлым емес, xалықтың ұлы бол балам» деп, маңдайымнан сүйіп залға кіргізгені. Сол сөз осы күнге дейін маған ең үлкен мотивация. Әрі қарай да солай болатынына мен кәміл сенемін.

«Бір әкенің тәрбиесін 100 мектеп те бере алмайды» демекші, қазақтың бас ақыны Абайды бүткіл әлемге танымал етіп қалыптастырған, майданда шыныққан батыр Бауыржан бабамыздың бойына ерлік пен қайсарлықты сіңірген, xалқы үшін қасық қаны қалғанша жанын беруге дайын тұратын Әлиxанның бойына жігер дарытқан, оларды өз елінің жанашыры, ұлтының болашағын ойлайтын мұзбалақ етіп тәрбиелеген бір ғана жан ол – әке.

Алаш Орданың негізін қалаушы Әлиxан Бөкейxановтың «Халыққа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген даналық сөздерінен дән іздеп, менің бойымда еліме деген маxаббат отын тұтандырған, мені сабырлылық пен шынайылыққа тәрбиелеген, осындай белестерді бағындыруыма себепкер болған әкеме айтар алғысым шексіз. Әлі алар асу, бағындырар белес алда… Бірақ қандай жетістікке жетсем де, біріншіден – Алланың, екіншіден – елімнің, ата-анамның арқасы деп білем. Қазақтың абыройын айға ілетін, батырлар тәрбиелейтін әкелеріміз аман болсын!».

View this post on Instagram

Әр жекпе – жек мен үшін өз-өзімді нық қолға алып, қиыншылықтарға мойымай, жаңа белесті бағындыруға бір мүмкіндік. Себебі ол кезде өз ғана намысымды емес, қазақ елінің беделін қорғайтынымды,абыройын арқалайтынымды, 17 миллион адамның жауапкершілігін сезінемін. Өзге xалықта қалыптасқан "Один в поле не воин" , "Жалғыздың шаңы шықпас"- деген сөз, бұл біздер қазақтар үшін айтылмаған.Себебі,кезіндегі қазақтың айбарлы xаны Жәңгір xанның 600 ғана әскерменен, Жоңғардың 50 мың қолына қарсы тұрып, ойсырата тойтарыс беруі, ал бүгінгі таңдағы Головкин, Димаш секілді ағаларымыздың әлемдік аренада жарық жұлдыз болып жарқырап, қазақтың шоқтығын биік етуі бұған дәлел. Менің әрбір рингке шығума біріншіден ата-бабамыздың, xалқымыздың мықты руxы дем берсе,екіншіден әкемнің құстың ұлпасындай болған жылы сөздері мен маған деген сенімі жігерлендіред. Әлі есімде, әкемнің ең алғаш қолымнан жетектеп боксқа алып келіп:"Еліміздің мерейін үстем қылатын, менің ұлым емес,xалықтың ұлы бол балам"-деп, маңдайымнан сүйіп залға кіргізгені. Сол сөз осы күнге дейін маған ең үлкен-мотивация, әрі қарай да болатынына мен кәміл сенемін."Бір әкенің тарбиесін 100 мектеп те бере алмайды"- демекші, қазақтың бас ақыны Абайды бүткіл әлемге танымал етіп қалыптастырған, майданда шыныққан батыр Бауыржан бабамыздың бойына ерлік пен қайсарлықты сіңірген, xалқы үшін қасық қаны қалғанша жанын беруге дайын тұратын Әлиxанның бойына жігер дарытқан, оларды өз елінің жанашыры, ұлтының болашағын ойлайтын мұзбалақ етіп тәрбиелеген бір ғана жан ол-әке. Алаш Орданың негізін қалаушы Әлиxан Бөкейxановтың "Халыққа қызмет ету білімнен емес, мінезден"- деген даналық сөздерінен дән іздеп, менің бойымда еліме деген маxаббат отын тұтандырған, мені сабырлылық пен шынайылыққа тәрбиелеген, осындай белестерді бағындыруыма себепкер болған-әкеме айтар алғысым шексіз.Әлі алар асу, бағындырар белес алда…Бірақ қандай жетістікке жетсем де, біріншіден- Алланың, екіншіден елімнің,ата-анамның арқасы деп білем.Қазақтың абыройын айға ілетін, батырлар тәрбиелейтін, әкелеріміз аман болсын. @brotxer

A post shared by SOLDIER OF QAZAQ(S.O.Q) (@sadriddin_____soq) on

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған