АХМЕДОВ – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

Жиырма жастағы жерлесіміз, кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов WBC нұсқасы бойынша жастар арасында бірінші орта салмақта әлем чемпионы атанды.

Жалпы 10 раундқа жоспарланған жекпе-жек 4 раундта аяқталды. Алғашында нокдаун алып ес жиған мексикалық Абрахам Хуарес кездесудің жартысына жете алмаған күйі жеңіліс тапты.

Садриддин бұл жеңісін өткен жылы қайғылы қазаға ұшыраған конькишіміз Денис Тен мен кәсіпқой бокстағы алғашқы сәтсіздігіне ұшыраған кәсіпқой боксшымыз Геннадий Головкинге арнады.

«Альхамдулиллах Аллаға сансыз шүкір бұл жеңісімді Қазақ елінің 2018 төгілген көз жасына арнаймын!» деп жазды ол инстаграмм парақшасына.

Мұрат СЕРІКБАЙҰЛЫ.

Фото: 12rounds.ca

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған