«БІЗ ДЕ АЯНЫП ҚАЛМАЙМЫЗ!»

Қазақ кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 КО) сәуірдің 13-і күні шаршы алаңға шығады. Бұл ақпаратты боксшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.

«Жекпе-жек уақыты белгілі болды. Бұйыртса жанкүйерлер 12 сәуірде Қазақ бокс стилін тамашалайды. Ломаченконың андеркартында өнер көрсетеміз. Бұл шоу да жоғары деңгейде өтеді. Біз де аянып қалмаймыз!» деп жазды ол.

Еске сала кетейік, жерлесіміз америкалық Стивен Мартинесті жеңген соң бірден 66 позицияға көтеріліп, 84-ші орынға шыққан болатын. Әлемдік рейтингте жылдам көтеріліп келе жатқан Жәнібек дәл қазір Сауль Альварестің өзімен жұдырықтасуға дайын екенін жеткізген болатын. Әрине, бұл жекпе-жек өтетін күнге де жетерімізге сенімдіміз. Әзірге қазақ боксшысына мексикалық Кристиан Оливас (16-4, 13 КО) қарсылас атанбақ екен. Бұл ақпаратты Boxrec.com сайты хабарлады.

Мирас ӘСЕМ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған