ӘР ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ – НАЗАРДА

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала басшысының қабылдауына келген тұрғындардың басым бөлігі жұмыспен қамту, әлеуметтік жәрдемақы алу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі туралы мәселені көтерсе, баспанамен қамту, кәріз жүйесі, көше атауы, жол, газ, жарық мәселелері жайында да білгісі келетіндер аз болған жоқ.

Қала басшысы Ерлан Қуанышұлы азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына жауап бере отырып, тұрғын үйлер мемлекеттік тұрғын үй қорынан тек өз кезегімен берілетінін айтып, оларды «Бақытты отбасы», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларына қатысуға шақырды. Сонымен қатар, коммуналды проблемалар рет-ретімен шешілетінін жеткізді.

Жеке қабылдауға келген әр тұрғынның мәселесі өзінің назарында болатынын айтқан шаһар басшысы сала жетекшілеріне көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған