ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА БАСҚАРМА АШЫЛДЫ

Шымкентте «Парасаттылық» басқармасы ашылды. Жаңа басқарманың мақсаты — сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, өскелең ұрпақты адалдық қағидаттарына тәрбиелеу болып табылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Басқарманың алғашқысы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде ашылды.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп:

— Ең әуелі сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресу емес, оның алдын алудың жолын әрбір қазақстандық өз отбасында дәріптесе, қоғам дертіне қарсы иммунитетті де нықтаған болар едік. Бүгінгі Сіздердің университеттеріңізде ашылып отырған «Парасаттылық» басқармасы және басқа да жобалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда бірлескен жұмысымызды одан әрі күшейтуге септігін тигізеді, — деді.

Басқарма «Шымкент – адалдық алаңы» және «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселерімен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен, Шымкент қаласының әкімдігімен тығыз жұмыс жүргізетін болады.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен еліміздің барлық білім беру мекемелерінде «Парасаттылық мектептері» ашылуда.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған