«ЖҰМЫС ТЕЗ ТАБЫЛДЫ»

«Жастар тәжірибесі» Шымкентте тиімді жүзеге асуда. 2019 жылы қалада 3087 жасты қамту жоспарланса, 10 айда 3473 жұмыссыз жас түрлі мекемелерге жолдама алып, оның ішінде 280-і тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Думан Орынбасар «Жастар тәжірибесінің» қатысушысы. Ол арнаулы орта оқу орнын тәмамдап, мамандығы бойынша бір жылға жуық жұмыс таппай жүрген. Осыдан бір ай бұрын Шымкент қаласы әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз жас ретінде тіркеліп, оған «Шымкент лифт монтаж» мекемесіне жолдама берілген. Жас маман қаладағы көпқабатты үйлердегі жеделсатыларға (лифттерге) қызмет көрсетеді. Айлық жалақысы да тұрақты.

– Бір жылдай жұмыс таппай жүрдім. Жұмыспен қамту орталығына барып өтінім беріп, тіркелдім. Жұмыс тез табылды. Бір айға жуық болды осы мекемеде жұмыс істеп жүргеніме. Жұмыс өзіме ұнайды, – дейді Думан.

Жалпы, аталған мекемеге орталық тарапынан төрт жұмыссыз жасқа жолдама берілген.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған