ПӘТЕРДІ ЖАЛҒА АЛУ ҚҰНЫ АЙЫНА 15 МЫҢ ТЕҢГЕ ҒАНА БОЛАДЫ

Жұмысшы жастарға берілетін пәтерді жалға алу құны айына 15 мың теңге ғана болады. Бұл туралы Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының басталу салтанатына қатысқан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

– Еліміздің ірі қалаларында жұмысшы жастарға 9 мың пәтер беру туралы шешім қабылданды. Оны жалға алу құны айына 15 мың теңге ғана болады. Биыл 5 мың азамат мемлекеттен грант алып, жас кәсіпкер атанды. Алдағы үш жыл ішінде олардың саны 30 мыңға дейін көбейеді. Бұдан бөлек 10 мың жас бизнесмен шағын несиенің арқасында өз өндірісін кеңейтті. Соның басым көпшілігі аудан және ауыл тұрғындарына арналды, – деді Мемлекет басшысы.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған