СТУДЕНТТЕРДІҢ СТИПЕНДИЯСЫ 25 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ

Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының басталу салтанатына қатысқан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру сапасы мен қол жетімділігін арттыру ісін негізгі міндеттердің бірі ретінде көрсетті.

Мемлекет басшысы диплом басып шығаратын және тарататын мекемеге айналған жоғары оқу орындарына қатысты шара қабылдау қажеттігін талап етті. Сонымен қатар Президент Үкіметке жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің стипендиясын көтеруді тапсырды.

– Жоғары оқу орындары студенттерінің стипендиясын арттыру өзекті мәселелердің бірі екенін білемін. Бұл мәселеге көңіл бөлінбей қалды. 2016 жылдан бері стипендия көбейген жоқ. Сондықтан студенттерді қолдау үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура мен докторантурада оқитын студенттердің стипендиясын 25 пайызға өсіру жөнінде шешім қабылдадым. Бұл жалпы 130 мыңға жуық адамды қамтиды. Мұндай қолдау колледж студенттеріне де көрсетілетін болады, – деді Мемлекет басшысы.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған