НАЗАРБАЕВ ӘУЕЖАЙЫНДА 2,5 МИЛЛИОН ТҰРАТЫН РОБОТ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

«2019 жылдың 4 ақпанында Астана қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында коммерциялық және өндірістік объектілерді, үлкен кеңістіктерді тазалауға арналған автономды тазалағыш роботтың тұсаукесері өтеді» деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсы.

Тұсаукесер барысында қонақтар мен журналистер электрондық тазалағыштардың қалай жұмыс істейтінін тамашалай алады.

Толықтай автономды құрылғы еденді жуу барысында адамдарды, қабырғаларды және басқа да кедергілерді айналып өтіп, кеңістікте адамның араласуынсыз қозғалады. Сонымен қатар, робот суды үнемдеп, оны қайта пайдалану мақсатымен ішкі қорабында тазалайды. Жасанды интеллект элементтері енгізілгендіктен бірнеше роботтар бір бөлмеде бір-біріне кедергі келтірмей тиімді түрде өзара әрекеттеседі. Қажет болған жағдайда, машиналар батарея мен суды ауыстыру мақсатымен өздігінен базаға аттанады.

Бір роботтың құны – 2,5 млн. теңге. Бұл роботтың технологиялық сипаттамалары қолданыстағы аналогтармен бірдей, тіпті жоғарырақ болғанымен қатар, бағасы бірнеше есе арзан. Қазіргі уақытта Қазақстанда осы роботтардың толыққанды өнеркәсіптік өндірісін құру мәселелері әзірленуде.

Жобаны Tech Garden дербес кластерлік қорының портфельдік стартапы – ТОО “Автономные технологии КЗ” компаниясы – Startup Kazakhstan акселерациясына қатысу барысында іске асырған. Startup Kazakhstan бағдарламасын Tech Garden Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған