МАМЫРДА КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖАЛДАМАЛЫ ПӘТЕР БЕРУ БАСТАЛАДЫ

Елімізде 340 мың көп балалы отбасы болса, қазіргі уақытта оның 28 мыңы тұрғын үй кезегінде тұр екен. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр хабарлады.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз 7 жылдың ішінде жыл сайын 6 мың жалдамалы пәтердің құрылысын жүргіземіз. 2025 жылға дейін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салынатын болады. Бүгінгі күні кезекте тұрған аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасылардың мәселесі толық шешілетін болады. Биыл мамыр айында біз көп балалы отбасыларға жалдамалы пәтерлерді беруді бастаймыз, – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Кірісі бір минималды жалақыдан төмен (42500 теңге) аз қамтылған отбасыларға Тұрғын үй жинақ банкі арқылы 20 жылға жылдық ставкасы 2%-ті құрайтын жеңілдетілген несие енгізілуде. Несиенің бұл түрін төрт немесе одан да көп балалары бар отбасылар, мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған және кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар толық емес отбасылар ала алады. Екі жылда аталған санаттағылар үшін 22 500 жеңілдетілген займдар беру жоспарланған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған