БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА 500 МЫҢ АДАМНЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ

Білім беру саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің еңбек ақысын ұлғайту 30%-ға дейін сараланған түрде жүзеге асатын болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова мәлім етті.

— Білім беру саласында 500 мың адамның жалақысы өседі. Олардың қатарында мектепке дейінгі ұйымдар мен интернаттардың тәрбиешілері мен олардың көмекшілері, әдіскерлер, әлеуметтік педагогтар, балабақшалар мен колледждердің психологтары, қосымша білім беру ұйымдарының қызметкерлері, кітапханашылар, тәлімгерлер, бухгалтерлер, іс жүргізушілер, жинап тазалаушылар, аула тазартушылар, күзетшілер, пеш жағушылар, сантехниктер мен электриктер және т.б. бар, — деді Білім және ғылым министрі.

Қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, қызметкерлердің санаттарын және жалақысын арттыру көлемін нақты анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, білім беру сапасын арттыру мақсатында, 2019–2021 жылдар аралығында жаңартылған мазмұн бойынша 144 мың мұғалім, 82 мың сынып жетекшілері мен психологтар, 15,5 колледж мамандары мен 2,4 мың ЖОО оқытушылары қайта даярлау курстарынан өтпек. Қазіргі таңда тілдік курстардан өткен 11 423 жаратылыстану пәндерінің мұғалімі 764 мектепте сабақ беріп жүр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған