ЕКІ КҮН ІШІНДЕ 523 АДАМ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Түркістан облысы полиция департаментінің көші-қон басқармасының қызметкерлері екі күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 523 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Бұл туралы ТО ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Сәуір 9-ы мен 12-сі аралығында Түркістан облыстық полицейлері, көші-қон заңнамасының бұзылуының жолын кесу, алдын алу үшін және көші-қон саласындағы басқада құқықбұзушылыққа бағытталған жедел-профилактикалық «Заңсыз келуші-2019» шарасын өткізді. «Заңсыз келуші-2019» іс-шарасы бойынша Түркістан облысы полиция департаментінің көші-қон басқармасының қызметкерлері екі күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 523-адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның 443 адамы шетелдіктер болып шыққан.

Заң бұзушылардың 213-іне ескерту беріліп, 47-сіне әкімшілік айыппұл салынған. Ал 196 шетелдік әкімшілік қамауға алынды. Түркістан облысының полицейлері жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ 16 адамды қабылдап-бөлу мекемелеріне орналастырған. Сондай-ақ, сот шешімімен 67 шетел азаматы Республика аумағынан шығарылып, 45-інің ел аумағында болу мерзімі қысқартылды.

Одан бөлек, шетелдік жұмыс күшін заңсыз жұмысқа тартқаны және көші-қон саласындағы заңды бұзғаны үшін 80 қазақстандық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған