МЕН МҰНДАЙ НАСИХАТҚА МҰҚТАЖ ЕМЕСПІН

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесу барысында Ақтау қаласындағы өз суреті бейнеленген билбордтарға қатысты сын айтты.

– Біз халқымыздың нағыз біртуар тұлғаларын ұлықтауға тиіспіз. Күні кеше Ақтауда менің суретім бейнеленген оннан астам билбордтың ілініп тұрғанын естідім. Меніңше, бұл мүлде орынсыз. Мен мұндай насихатқа мұқтаж емеспін. Мұндай әкімшілік ыждаһаттылықтың қажеті қанша? Жұмсалған қаражатты әлеуметтік нысандарға бөлу керек еді, – деді Мемлекет басшысы.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған