ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕСІ ЕСІҢІЗДЕ ЖҮРСІН!

Келес ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің тұрғын секторының маманы және Келес газ шаруашылығы қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау» бойынша аудан аумағындағы көп қабатты тұрғын үй иелеріне барып, арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, ескертпе парақшаларын тарқатты. Бұл туралы Түркістан облысы Келес ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құрметті аудан тұрғындары өрт туындау қаупін болдырмау үшін төменде көрсетілген өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар:

– Жылыту маусымына дайындық алдында пешті жөндеңіз, мұржаны күйеден кемінде айыны бір рет тазалаңыз.

– Үйден шығарда кемінде 2 сағат бұрын от жағуды тоқтатыңыз.

– Пешті тез тұтанатын сұйықтықтармен жағуға жол бермеңіз.

– Дайындалып жатқан асты пеште қараусыз қалдырмаңыз.

– Қатты отындағы пештің от жағатын есігінің астындағы жанғыш материалдардан жасалған аймақты жиі қадағалап тұрыңыз!

Өрт орын алған жағдайда «101» немесе «112» телефондары арқылы өртке қарсы қызметті шақырыңыз.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған