Арыс ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және ТОББИБ бас маманы Н. Кенбаевтың бірлесуімен күзгі су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын еске салады:
– желді ауа райында және түнде суға бармау;
– ешбір жағдайда мас күйінде балық аулауға шықпау;
– қайығыңыздың жақсы жағдайда екеніне көз жеткізіңіз;
– әрқашан өзіңізге және жолаушыларға құтқару құралдарын (куртка, көкірекше және тағы басқалар) киіңіз;
– қайыққа шамадан тыс жүк артпаңыз;
– өзіңізбен бірге зарядталған ұялы телефоныңыз болуы керек, оны су өткізбейтін (қалқымалы) герметикалық қорапқа салған дұрыс;
– балық аулауға шыққанда міндетті түрде туыстарыңызға немесе достарыңызға балық аулауға баратын жеріңіздің координаттарын және қайтуыңыздың күтілетін уақытын айтуды ұмытпаңыз.
Апат болған жағдайда «101» немесе «112» ұялы телефондары бойынша Бірыңғай құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз.
Қызметкерлер тұрғындарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, жадынама парақшаларын таратты.