ТҰРМЫСТАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАҢЫЗ!

Ордабасы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.

Ордабасы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының еріктілерімен біріге отырып аудан орталығында орналасқан «Сатыбалды ата» базарына және «Sulpak, Tehnodom» сауда орталықтарына барып «Иісті улы газдан сақтанайық» және «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп арнайы дайындалған үш түрлі жадынамадан 450 дана таратты. Сондай-ақ жылыту маусымына байланысты өрт қауіпсіздіктің негізгі қағидаларын түсіндіріп, жылыту жүйелерін дайындыққа келтіру қажеттілігі туралы айтып, өрт оқиғасы орын алған жағдайда алғашқы өрт сөндіру құралын пайдалану ережелері түсіндірілді.

Қызметкерлерге жоғарыда аталған тақырыптар бойынша қойылатын талаптар мен ережелердің сақталуының маңыздылығын түсіндіре отырып, әрдайым мұқият болуға шақырды. Сонымен қатар қызметкерлер тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.

Айта кетейік, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау тек қана мүліктің бүлінуіне ғана емес, сонымен қатар адамдардың қаза болуына әкеп соқтырады. Тұрмыстық өрттердің статистикасы облыс аумағында өрттердің ең көп саны тұрғын үй секторында орын алатындығын дәлелдейді. Әдетте, олардың барлығы электр сымдарының немесе жылыту құрылғыларының ақаулығына байланысты.

Тұрмыстық өрттердің ең көп саны жеке сектор объектілерінде тіркелген. Онда қауіпсіздік ережелерін сақтау жауапкершілігі меншік иесінің өзіне жүктелген. Сонымен қатар, 57%-дан астам жағдайда өрт отты абайсыз пайдалану салдарынан (темекі шегу, алау және тағы басқалар) орын алады. Көптеген өрттер балалардың отпен ойнауынан туындайды.

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін барынша жауапкершілікпен сақтауға, сақ болуға және өртті сөндіруден гөрі алдын алу әлдеқайда оңай екенін есте сақтауға шақырады. Балаларды қараусыз қалдырмау, төсекте темекі тартпау, тұрмыстық және басқа да техниканы пайдалану жөніндегі нұсқауларды сақтау, электр сымдарының оқшауламасы бұзылған аспаптарды пайдаланбау сынды қарапайым ережелерді сақтау аса маңызды.

Бензин, керосин, тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтамаған жөн.

Ең болмағанда бір өрт сөндіргішті сатып алғаныңыз абзал.

Қосылған электр және газ плиталарын, шәйнектерді, үтіктерді, қабылдағыштарды, теледидарларды, жылытқыштарды қараусыз қалдырмау керек.

Электр сымдарының, розеткалардың жарамдылығын қадағалаңыз.

Бір розеткаға бірнеше тұрмыстық электр аспаптарын (әсіресе үлкен қуатты) қосылмауы қажет.

Ашық отта бояуларды, лактарды және тағы басқаларды жылытпаңыз.

Бірінші кезекте бір негізгі ережені есте сақтау қажет: ашық жану туралы айтпағанда, жеңіл түтін иісін сезген бойда, дереу «101» немесе «112» телефондары арқылы өртке қарсы қызметті шақырыңыз.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған