ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӨНІНДЕ СЕМИНАР ӨТТІ

Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығы мен Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті біріге отырып, Түркістан облысының ерікті жастарымен Қазығұрт ауданында «Qay’ipsiz meken» тақырыбында кездесу семинар-тренингін өткізді.

Тренинг барысында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Судағы қауіпсіздік, тауға шыққанда және өрт болған кездегі іс-әрекеттер, алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбындағы оқыту жұмыстарын жүргізді.

Семинар-тренингте Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев, «Қызыл-ай» ұйымының жетекшісі Малика Жүнісова, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Ақпарат және талдау орталығының» басшысы Сейдулла Айкөзов және Түркістан облыстық Жастар орталығының басшысы Ерасыл Төлебаев қатысып, пікірлерін айтты. Ауыл тұрғындарына кеңестер берілді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған