ӨРТ СӨНДІРУ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУГЕ МҮМКІНДІК ЖАСАҒАН ЖӨН

Жаз маусымындағы өте ыстық ай – шілде. Бұл айда Түркістан облысының кей аймағында сынап бағанасы 40 градустан асады. Осындай өрт қаупі жоғары күндерде, өңірде құрғақ шөптің тұтану жағдайлары жиілей тіркеледі. Бұл көп жағдайда адамдардың немқұрайлы және сақтық шараларын сақтамау әрекеттерінің салдарынан орын алады.

Жаз айында өңірде құрғақ шөптер мен қамыстардың жану жағдайлары жиілейді. Осыған байланысты, Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті қарапайым ережелерді сақтау қажеттігін ескертеді.

Атап айтқанда:

– тұтанған сіріңкелерді, темекі тұқылын құрғақ шөпке лақтырмау;

– үй айналасын мүмкіндігінше шөптен тазалап отыру;

– қоқыстарды барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, құрылыстардан алшақ жерлерде қатаң бақылау жасау арқылы жағу;

– демалыс орындарында от жағылған кезде, кетер сәтте су немесе құм сеуіп өшіру.

Әрине, үй жағдайында өрт сөндіру құралдары сай бола бермейтіні белгілі. Соған қарамастан қауіпсіздік шараларын қаперде ұстап, бөшкеге немесе басқа да ыдыстарға су қорын жинақтап, өрт сөндірушілер келгенге дейін алғашқы өрт сөндіру іс-әрекеттерін жүргізуге мүмкіндік жасаған жөн.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған