ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН БАЛАНЫҢ БІРІ БІЛСЕ, БІРІ БІЛЕ БЕРМЕЙДІ

Жасөспірімдер мен балалар жазғы демалыстарын қызықты, әрі есте қаларлықтай өткізу үшін су айдыны бар демалыс орындарына баратыны белгілі. Алайда, суға шомылу кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін балалардың бірі білсе, бірі біле бермейді. Білсе де ережені дұрыс сақтамайды.
Осыған байланысты Түркістан облысы, Отырар ауданының ТЖБ қызметкерлері мен М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының 3-курс курсанттары Бакирамов Д.Н және Кенжебаев Е.Б суға шомылу кезеңінде, демалыс орындарындағы бассейндердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және судағы демалушылардың жарақат алып қалмауына, оқыс оқиға болуына жол бермеу мақсатында судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау керектігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы түсіндірмесі бар жадынамалар таратылды.
Аудан тұрғындарының назарына! Кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауға, демалыс орындарындағы бассейндерде қауіпсіздік ережелерді қатаң сақтауларын ескертеміз!

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған