СУМЕН ОЙНАУ – ҚАУІПТІ

Балалардың көбі демалыс, сауықтыру лагерінде демалады, туристік жорыққа қатысады, спортпен шұғылданады, суға шомылады. Бірақ сумен ойнау қауіпті. Жүзе білмеу, суда болу ережесінің тәртібін сақтамау, желігу қайғылы жағдайға ұшыратуы мүмкін. Сондықтан су айдындарында жүзу ережелерін, қауіпсіздік жөнінде қайта ескерткен артық болмайды.

Суда шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын және орман тоғай дала өрттері болған жағдайда қалай сөндіру керектігін Отырар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімімен Отырар аудандық өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері әр ауыл округтерінің жауапты қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тапсырмалар берілді.

Бұл іс-шараның мақсаты балаларға ереже тәртібін ескерту және жазатайым жағдайлардың санын азайтуға арналған. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы кішкентай балалар шомылу кезінде үнемі үлкендердің қарауында болуы тиіс. Сәл үлкенірек жастағы жеткіншек балалар, өздері су айдынына шомылуға барған кезде суға түсуге рұқсат етілген, қауіпсіздігі сақталған, су астындағы терең ой-шұқырлары жоқ, қатты су ағысы, иірімі немесе толқыны жоқ жерлерде шомылуы қажет. Көптеген жазатайым оқиғалар суға шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алады.

Едәуір ересек балалар суда жүзе білу және суда өзін дұрыс ұстау ережелерін білумен шектелмей, судағы қиын жағдайларда өзін ұстау машығын да меңгергені абзал. Олар егер аяқтың тырысуы болған жағдайда, өзін қалай ұстау керектігін, суға батып бара жатқан адамды шамалауды, оған  алғашқы медициналық көмек көрсетуді және т.б. білуі қажет. 

БАЛАЛАРДЫҢ СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ АТА-АНАЛАР НЕНІ БІЛУІ КЕРЕК?

суға тамақтанғаннан кейін біржарым сағаттан соң шомылуға болады;

егер судың температурасы +16 °С төмен болса, суға түсуге болмайды, себебі судың суықтығынан аяқ-қолдың тырысуы немесе естен айырылу жағдайлары болуы мүмкін;

су температурасы +17 °С-ден +19 °С-ге дейін және ауаның температурасы  +25 °С болған жағдайда, суда 10-15 минуттан артық шомылуға болмайды;

суға тек қана суға түсуге арналған қауіпсіз, арнайы жабдықталған жерлерде түсу керек. Егер сіз жабайы табиғи жерлерде шомылуды шешсеңіз, суы таза, тереңдігі 2 м аспайтын, судың түбі қиыршық тасты немесе құмды жерді және ағысы жай 0,5 м/с жоғары емес орынды таңдағаныңыз жөн (тексеру үшін суға жаңқа немесе таяқ тастаңыз). Әрқашан су түбін тексеру қажет және шомылып жатқан балаларды қадағалаңыз. Балалар су жағасында шомылулары қажет. Ешқашан шалшық суға түспеңіз;

Егер сіз мас күйде болсаңыз, балаларды суға жібермеңіз, олар қараусыз қалып қойған жағдайда, қайғылы жағдайға ұшырауы мүмкін.

БАЛАЛАРДЫҢ СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕСІ:

Белгі қойылған жерден асып жүзуге болмайды, ол болмаған жағдайда жағадан алыс жүзбеу керек;

Кемеге жақын жүзуге болмайды;

Таяз жерге немесе белгісіз тереңдікке секіруге болмайды;

Қайық, айлақ, көпір үстінен және арналмаған жерлерден секіруге болмайды;

Күнге қыздырынғаннан кейін немесе ұзақ жүгірістен соң суға секіруге болмайды, себебі естен айырылып қалу немесе жүректің тоқтап қалуы мүмкін. Алдымен сумен шайынып алу керек;

Дауыл немесе толқын болған жағдайда шомылуға болмайды;

Қарсыласыңды суда ұстап тұру ойынымен ойнауға болмайды, себебі жолдасың тұншығып және есін жоғалтуы мүмкін.

 MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған