ӨРТ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЙТА ПЫСЫҚТАЛДЫ

Жазғы өрт маусымына байланысты ауыл округі әкімшіліктерінің дайындықтарына қайталап пысықтау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда егін ору науқаны басталуына орай, барлық ауыл округтерінің ерікті өрт сөндіру жасақтарының және техникаларының дайындығына оқу-жаттығулар өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда Ордабасы ауданы бойынша, жайылымдық пен егістік жер көлемі ең үлкен аумақ болып есептелетін Бөржар ауыл округінен құрылған ерікті өрт сөндіру жасақтарының дайындығы тексерілді. Негізгі мақсат – егістік алқаптар мен жайылымдық жерлерді тілсіз жаудан сақтап қалу болып есептеледі.

Егін, жем-шөп қорын жинау кезінде ауыл шаруашылық өндipici нысандарында өртті болдырмау үшін келесі өртке қарсы шараларды орындау қажет:

– жинау машиналарын және агрегаттарды өртке қарсы дайындау, механизаторларға өртке қарсы нұсқау беруді ұйымдастыру және жем дайындау, егін жинау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау үшін ауыл шаруашылық кәсіпорының басшысы жауапты адамдарды тағайындау керек;

– жем дайындау және егін жинауға қатысатын тракторшыларға, комбайншыларға, олардың көмекшілеріне және басқа механизаторларға арнайы бағдарлама бойынша өртке қарсы нұсқау берілуі керек;

– егін жинау жұмыстарына бөлінген адамдар да өрт қауіпсіздігінің негізгі шаралары бойынша нұсқау алуы керек;

– егін піскен кезде eгicтікті күзету үшін шолғыншылар және eгicтік қызметкерлері болуы тиіс;

– eгicтік алқаптарына және пішендік қоныстарға жинау машиналарын және тракторларды шығармас бұрын оларды ұшқын сөндірушілермен жабдықтау керек, жем тасымалдайтын автокөліктерді алдынғы буферға шығарылған зауытта жасалған сөндіргіштермен жабдықтау керек;

– жинау агрегаттарды және eгін жинау жұмыстарына лайықталған ауыл шаруашылық техникасын бастапқы өрт сөндіру құралдарымен (2 өрт сөндіргіш, 2 күрек, 2 сыпырғыш, өлшемі 1,5×1,5м киіз немесе брезент) жабдықтау керек;

– жинау жұмыстарына қолданылатын техниканың өртке қарсы дайындығы әр ауыл шаруашылығы кәсіпорнында құрылатын арнайы комиссиялармен тексерілуі керек;

– өрт сөндіру көліктерінің, мотопомпалардың және өрт сөндіруге лайықталған техниканың техникалық жағдайын тексеріп, оларды жанар-жағармай материалдарының қорымен жабдықтау керек.

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Ордабасы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі  аудан тұрғындарынан өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауларын сұранады.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған