БАСТЫ МАҚСАТ – ОҚЫС ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Арыс ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен Арыс қаласы «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен бірлесе отырып қызмет атқаруда. Ерікті жастардың қатысуымен өзен-көл жағалауларында суға түсу қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіле отырып, қала тұрғындарына ескертпе парақшасы тарқатылды. Іс-шараның басты мақсаты – жаз айларындағы өзен-көлдердегі суға шомылу кезінде сақтық шараларын ұстана отырып, оқыс жағдайлардың алдын алу болып табылады. Сонымен қатар, ата-аналарға жасөспірім балаларды суға жалғыз өзін жібермеуді ескертуде. Тәртіпке бағынбаған жағдайда Арыс АПБ-мен бірлесіп әкімшілік жазаға тартылатыны хабарланды.

СУҒА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕГІ ЕРЕЖЕЛЕР:
– Тыйым салынған орындарда шомылуға;
– Суда балаларды қараусыз қалдыруға;
– Қоршау белгілерін асуға;
– Көпірлерден, дамбалардан, қайықтардан суға секіруге және сүңгігу;
– Таныс емес орындарда шомылуға
ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!!!

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған