ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЖЕРЛЕРГЕ ШОМЫЛҒАН АЗАМАТТАРҒА ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ

Төлеби ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен Көксәйек ауылдық округтік әкімі және Төлеби аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, шомылу маусымы аясында Төлеби ауданының тұрғындары мен қонақтарына су айдындарында суға түсу кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау, жас балаларды қараусыз қалдырмау бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Тұрғындарды белгіленбеген орындарда шомылмау, шектеу белгілері қойылған жерлерден аспау, суда жүруге арналмаған құралдармен шомылмауды ескерткен қызметкерлерге тазалыққа да мән беру қажеттігін ескертті. Шомылатын аймақты ластамау, жағажайлар мен шешінетін орындарда демалушыларға зиян келтіретін қоқыстарды қалдырмау, жалған дабыл қақпау және техникалық және ескерту белгілеріне шықпауға кеңес берді. Ең бастысы, балаларды ересектерсіз суға жібермеу қажеттігін пысықтады.

Іс-шара барысында тыйым салынған орындарда шомылуға болмайтындығы хабарланды. Сондай-ақ түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, тыйым салынған жерлерге шомылған азаматтарға ескерту берілді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған