АУРУ МАЛДЫҢ ЕТІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ТИЕСІЛІ ЕМЕС

Түркістан облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті соңғы күндері «Whats App» мессенджері арқылы сібір жарасына қатысты таралып жатқан аудиожазбаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз орталығы хабарлады.

Түркістан облысы Түлкібас ауданының екі тұрғынынан сібір жарасы анықталды. ​​​​​​​​​​​ Қазіргі уақытта олардың біреуі Ақмола облысында, біреуі Түркістан облысында ем қабылдап жатыр. Науқастардың жағдайы бірқалыпты, жақында ауруханадан шығарылады.

Ал ауру малдың еті Түркістан облысына тиесілі емес, науқастардың сөзінше олар етті Жамбыл облысынан сатып алып келген. Нақты кімнен, және қай жерден сатып алғандығы жөнінде тергеу-тексеру жұмыстарымен құзыретті органдар айналысуда.

«Құрметті облыс тұрғындары! Ет және ет өнімдерін тек қана ветеринариялық анықтамасы бар сенімді жерлерден сатып алуға шақырамыз! Белгісіз азаматтар таратқан аудиожазбаларға сенбеуді сұраймыз!» делінген хабарламада.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған