АЙТЫС ШЕРУІ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айтыс – қазақ халқының ерекше өнерлерінің бірі. Өзге ауыз әдебиетінің түрлеріне ықпал ете білген айтыстың түр-түрін халық сағына, асыға күтетіні, айыздары қанғанша тыңдап, айтыскерлермен бірге шабыттанатыны әлімсақтан белгілі. «Ұлы дала ән мен жыры, ақындықтың жеті қыры» жобасының аясында жаңа форматта өтетін, заманға сай Айтыс шеруі жолға шықты. Халық өнерінің шеруін Павлодар, Қарағанды, Ақтау, Атырау және Орал тұрғындары мен қонақтары тамашалап үлгерді. Өз қалаңызда бұрын-соңды көрмеген айтыс өнерін тамашалауға мүмкіндігіңіз бар.

Қала Мерзімі
1. Ақтөбе 13 мамыр
2. Қостанай 15 мамыр
3. Петропавл 16 мамыр
4. Көкшетау 17 мамыр
5. Шымкент 19 мамыр
6. Тараз 20 мамыр
7. Қызылорда 22 мамыр

Кеш жүргізушілері – Балғынбек Қалиұлының әріптестері, танымал айтыскерлер Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамыс және Жандарбек Бұлғақов. Қолдау білдіріп келетін қонақтардың арасында еліміздің сүйікті өнерпаздары бар.

Аталған республикалық тур Мәдениет және спорт министрлігі қолдауымен «LIONS’ SHOW MEDIA» ЖШС тарапынан өткізілуде.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған