БАПКЕРЛЕР МЕН СПОРТШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ел абыройын асқақтатып жүрген жеңімпаз спортшылар мен олардың бапкерлерімен кездесті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл сәуір айында Түркияның Анталия қаласында өткен Әлем чемпионатында тоғызқұмалақтан жарысқа түскен жерлестеріміз сәтті өнер көрсетті. Жиырмаға жуық елден спортшылар қатысқан дүбірлі бәсекеде Түркістан облысының спортшылары 2 алтын және 2 күміс медальға қол жеткізді. Атап айтсақ, Әсел Дәлиева бір алтын және бір күміс медальға иелік етсе, Лина Каримова да ел қоржынына алтын жүлде салды. Ал Жандарбек Саят күміс медаль олжалады. Осылайша, Түркістан облысының 2 өрені әлем чемпионы атанған болатын.

Сонымен қатар Тайландтың Бангкок қаласында ұйымдастырылған бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионатында түркістандық Бек Нұрмағанбет қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды.

Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы елдің абыройын асқақтатқан спортшылар мен білікті жаттықтырушыларға құрмет көрсетіп, сый-сыяпат жасады. Спортшылар қауымы өңір басшысына ризашылықтарын білдіріп, алдағы байрақты бәсекелерде жеңісті жолды жалғастыруға күш салатындарын жеткізді. 

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған