«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ» КОНКУРСЫНА ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай бағытталған іс-шараларды өткізу мақсатында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсы өтеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және cпорт министрлігінің ресми интернет-ресурсы хабарлады.

Конкурстың мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, қазақтілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.

Конкурсқа мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау, оның қолданыс аясын арттыру бойынша БАҚ-та материалдар жариялаған журналистер қатыса алады.

Конкурс ережелерімен мына сілтеме арқылы өтіп https://mks.gov.kz/kaz/press-sluzhba/obyavleniya танысуға болады.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған