ШЫМКЕНТТЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

«Жастар жылы аясында Шымкентте инновациялық идеялар фестивалі өтеді» деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«U:hack» – бұл кез келген ниетті жандардың өз идеяларын креативті және ресми емес ортада жоба прототипіне айналдыра алатын фестиваль. Биылғы фестивальда мынадай секциялар ұсынылып отыр:

– IT;

– Контент және медиа;

– Кино және видео;

– Кәсіпкерлік.

Фестивальге кез келген азамат тегін қатыса алады. Ол үшін www.uhack.kz сайтында тегін тіркеуден өту керек. Фестиваль үш тілде өтеді деп жоспарланып отыр. Қатысушылар спикерлердің қызықты әрі пайдалы лекцияларын тыңдай алады. Фестивальде әлеуметтік желілерге де баса назар аударылмақ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған