«БҰЛ – МЕНІҢ ШЕШІМІМ!» ДЕП АЙТУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ

 

Өзін-өзі кінәлау – өзін-өзі жоқ етумен бірдей. Адам өзін іштей кінәлі сезіну арқылы жанын жазалайды. Бала кезімізден-ақ «қателік жасасақ, жазалануымыз керек» деген ұғым қалыптасқан санамызда. Қателікке бой алдырсақ жанымызды жазалап, өз еркімізбен жамандықты шақыратынымыз бар. Сондықтан да, ең алдымен өзін-өзі кінәлаудан арылу керек.

Ең алдымен өзін-өзі кінәлі сезінуден құтылудың жолы бұл – істеген әрекетіне «жаман», «жақсы» деп бөліп қарамау. Бұл өмірде болып жатқанның барлығын Жаратқанның бұйрығы деп қабылдау керек. Бұйырғаны сол екен деп ойына келгенін істеу дұрыс емес. Тек бұл өзін-өзі кінәлі сезінуден құтылудың бір кішкентай жолы ғана.

Мейлі, егер Сіз шынында да үлкен қателік жасап, іштей сол күнәңіз үшін мүжіліп жүрсеңіз, ол кімге жақсылық әкелмек? Болар іс болды. Болған жағдайды дәл сол күйінде қабылдап, ары қарай өмір сүре беріңіз. Бұл өмірде ешкім ешкімге міндетті емес.

Егер Сіз біреуге жақсылық жасағыңыз келсе, шын жүрегіңізбен, қалауыңызбен жасаңыз. Қаламасаңыз немесе қолыңыздан келмесе, өзіңізді мәжбүрлемеңіз. Өз қалауымызша өмір сүруге толық құқымыз бар. Өзгелердің алдында істеген әрекетіміз үшін ақталуға міндетті емеспіз. Егер ақтала бастасаңыз дер кезінде өзіңізді тоқтатыңыз да, былай деп айтыңыз: «Мен солай болғанын қаладым. Бұл – менің шешімім» деп айту керек. Жағдайды, себепті түсіндіріп ақталып жатудың қажеті жоқ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған