ТҰТЫНУШЫ, ӨНІМНІҢ ТАҢБАЛАНУЫНА МҰҚИЯТ ҚАРАУЛАРЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫЗ

Тағам өнімдері қауіпсіздігіне, олардың Кеден одағы нарығында орналастырылуына қатысты талаптар негізінен Кеден одағының «Тағам өнімдері қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінде қарастырылған. Ол Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №880 шешімімен бекітілген.

Техникалық регламентті қабылдаудағы негізгі мақсаттар: адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, тұтынушыларды алданып қалуға, ұрынып қалуға апарып соғатын іс-қимылдардан құлаққағыс ету және қоршаған ортаны қорғау. Бұл техникалық регламенттің техникалық реттеуге жататын нысандары мыналар: тағам өнімдері, тағам өнімдеріне қойылатын талаптардан туындайтын тағам өнімдерін өндіру (дайындау) процестері, оны сақтау, тасымалдау, өткізу, сату және пайдаға асыру процестері. Кеден одағы аумағында тағам өнімдері осы техникалық регламенттің және нақты тағам өніміне қатысты басқада техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес болған жағдайда ғана нарыққа шығарылады. Осы техникалық регламенттің және нақты тағам өніміне қатысты басқа да техникалық регламенттердің талабына сай және сәйкестігі бағаланып (расталып) рәсімделген тағам өнімдері Кеден одағы мүшелері – мемлекеттері нарығында айналу құқығын беретін бірегей белгімен таңбаланады.

Сәйкестендіру, бірегейлендіру мынадай әдістермен жүргізіледі: Өнімнің атауы мен оның пайдаланылуын тұтынушы орамасында келтірілген таңбаланудағы ақпаратпен салыстыру арқылы анықтайды. Сондай-ақ анықтау тағам өнімімен бірге жіберілетін құжаттардағы осы техникалық регламентте және нақты тағам өніміне қатысты басқа да техникалық регламенттерде келтірілген белгілерін салыстыру арқылы жүргізіледі.

Кеден одағы аумағында айналымдағы тағам өнімдері оны өнім өндіруші белгіленген жарамдылық мерзіміне сай пайдаланған жағдайда қауіпсіз болады. Сауда орындарынан тағам және тағам емес өнімдердің сатып аларда өнімнің сыртқы пішіні, бүтіндігі мен орамына қарау қажет, қаптамасындағы таңбалауға аса назар қажет. Таңбалануда өнімнің атауы, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі, өнімнің шыққан елі, дайындаушының атауы, шыққан және орналасқан жері, тауар белгісі (сауда маркасы), таза салмағы, құрамы, тағамдық және энергетикалық құндылығы, өнімді сақтау шарттары.

Тұтынушыларға айтарымыз, алынған өнімдеріңіздің таңбалануына мұқият қарауларыңызды сұранамыз. Қауіпсіз тағам өнімін дұрыс таңдай білу – денсаулықтың кепілі.

М.НАЗИХАНОВ.

Сарыағаш аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған