КЕЛЕС АУДАНЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ БАҒЫТЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс көлемінде кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қаржылай қолдау бағдарламаларына баулу және сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу тапсырмасын берген болатын.

Берілген тапсырма аясында Келес ауданында өңір кәсіпкерлерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қаржылай қолдау бағдарламаларына баулу және сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу бойынша жиын өтті. Бұл туралы Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев ашып, жүргізіп отырды. Аталған жиынға Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының өкілі, «Түркістан» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ директоры С.Құрбанов, «Аграрлық несие корпорациясы» Түркістан облысы бойынша филиалы директорының мониторинг бойынша орынбасары А.Мүйтембаев, «Ырыс» микроқаржы ұйымы» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары А.Нурлыбаев, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Түркістан облыстық филиалының өкілі, ауданның зиялы қауым өкілдері, ауыл, ауылдық округ әкімдері және агроқұрылым төрағалары мен шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.

Жиын барысында кәсіпкерлерді және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қаржылай қолдау бағдарламаларына баулу және сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу бойынша құрылған топ мүшелері аудан кәсіпкерлерінің және кәсібін жаңадан бастайтын, кәсіпкерлік бастамасы бар халықтың табысын арттыру жобасын жүзеге асыру үшін аудан көлемінде ерекшелігін және әлеуетін, қандай бағыттағы кәсіптің түрін баулу тиімділігін, бағдарлама бойынша несиелендірудің басым бағыттарын айтып өтті. Сонымен қатар, мәжіліс соңынан жеке қабылдау өтіп, жұмысшы топ өкілдері тұрғындар сұрақтарына жауап берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған