ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫН АРТТЫРУ – БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ

Шардараның әлеуеті өте жоғары. Мұнда жағажай туризмін, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік мол. Ауданды, ауылдарды дамыту жұмыстары жаңа қарқынмен жалғасатын болады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы аясында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленуде. Салынатын мектептер жана форматта болады. Заманауи мектеп түлектердің 90-95%-ы жоғары оқу орындарына грантқа, немесе шетелдегі ең мықты, танымал оқу орындарына түскен. Осы тәжірибені пайдалана отырып, жобаны барлық өңірде іске асыру көзделді.

Жоба аясында Шардара қаласында 1 200 орындық жаңа мектептердің кұрылысы жоспарлануда. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2022 жылы 2 елдімекенде 2 жоба іске асырылуда. Атап айтқанда, Жаушықұм елдімекенінде мәдениет үйін салуға 200 млн. теңге қаралды, құрылысы 2023 жылы аяқталады. Шардара елдімекенін табиғи газбен қамтуға 220,8 млн. теңге бағытталды.

Ауданның инженерлік инфрақұрылым жүйесін дамыту мақсатында 13 бюджеттік инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Аудан халқының 99,6%-ы немесе 105,6 мың адам таза ауыз сумен қамтылған. Табиғи газбен 74,4% немесе 59 мың қамтылған.

Шардара қаласындағы жедел жәрдем станциясы бар ауысымында 150 келушіге арналған аудандық емханаға жапсарлас ғимарат құрылысы жүргізілуде. Жылдың қорытындысымен пайдалануға беру жоспарлануда. Сонымен қатар, Шардара қаласындағы Майқала, Ақбала, Абай және Қызылжар ықшамауданындағы кәріз жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, Шардара ауданын орталықтандырылған газбен қамту бойынша 6 жоба іске асырылуда. Нысанды биыл пайдалануға беру жоспарлануда.

Аудан экономикасын дамыту үшін жан-жақты талдаулар жүргізілді. Ауданның ішкі потенциалын ескере отырып, атқарылатын жұмыстардың 4 басым бағыттары айқындалды. Атап айтқанда: Балық шаруашылығын, өңдеу өнеркәсібін дамыту. Ауылшаруашылығы және туризм салаларын дамыту. Жүзеге асыру үшін бірқатар мүмкіндіктері бар. Мәселен, арзандатылған электр энергия (11 теңге 1 квт/сағ), жер және су қорының жеткілікті болуы, Жаушықұм массиві, Шардара су қоймасы, Қызылқұм магистралды каналы, табиғи газбен қамтылуы, жұмысшы күшінің жеткіліктілігі, туристік тартымдылық және т.б.

Балық шаруашылығын дамыту. Ауданда 5 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. 420 адамды жұмыспен қамтып отырған бұл зауыттар жылына 5600 тонна балық өнімдерін өңдеп, 5,5 млрд. теңгенің өнімін экспорттайды. Жұмысшыларының орташа жалақылары 200 мың теңгені құраса, мемлекет кірісіне шамамен 600 млн. теңгедей салық төлейді. Шикізаттың 90 % астамы (4880 тн) өзге өңірлерден тасымалдануда. Сырттан тасымалданатын шикізатқа тәуелділікті азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, өнімділікті артыру мақсатында 2022 жылы құны 380 млн. теңгені құрайтын, қуаттылығы жылына 770 тонна балық өнімдерін өндіретін және 33 адамды жұмыспен қамтитын 5 жоба жүзеге асты:

Анықтама үшін: 1. ЖК «Томай» инкубациялық әдіспен балық өсіру жобасы (Жоба іске қосылған).

2. ЖК «А.Байқошқаровтың» инкубациялық әдіспен және тоғанда балық өсіру жобасы (Жоба іске қосылған).

3. «Молдияр» ЖШС торлы шарбақта балық өсіру жобасы (Жоба іске қосылған).

4. ЖК «М.Бекарыстанәлі» торлы шарбақта балық өсіру жобасы (Жоба іске қосылған).

5. ЖК «А.Әлібаев» тоғанда балық өсіру жобасы (Жоба іске қосылған).

Ал 2023 жылы қуаттылығы жылына 1700 тонна балық өнімдерін өндіретін және 87 адамды жұмыспен қамтитын 1710 млн. теңгеге 13 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Жоба іске асқан жағдайда 120 млн. теңге салық төлеп, орташа айлық жалақы 200 мың теңге құрайды.

Анықтама үшін 1. ЖК «Т.Жалғасбаевтың» балықтан жем және май дайындау жобасы.

2. «Vita» ЖШС-нің балық өсіру кешенін ұлғайту жобасы.

3. ЖК А.Байқошқаровтың инкубациялық цех салу жобасы.

4. «Хамит» АӨК-нің балық өсіру кешенін ұлғайту жобасы.

6. ЖК «Томайдың» балық өсіру кешенін ұлғайту жобасы.

7. ЖК «Әлібаев Асан» тоғанда балық өсіру жобасы.

8. «Молдияр» ЖШС-нің тоғанда балық өсіру жобасы.

9. ЖК Б.Смайыловтың торлы шарбақта балық өсіру жобасы.

10.ЖК «Қарақаттың» тоғанда балық өсіру жобасы.

11.ЖК «М.Базыловтың тоғанда балық өсіру жобасы.

12.ЖК «Ж.Жақсылықтың торлы шарбақта балық өсіру жобасы.

13. ЖК «Томайдың» инкубациялық әдіспен балық өсіруді кеңейту жобасы ( қуаттылғын 500 тоннаға дейін арттыру).

Өңдеу өнеркәсібін дамыту. Ауданда өңдеу өнеркәсібінде 13 кәсіпорын жұмыс істейді (мақта, күріш, балық, жүн өңдеу және құрылыс бұйымдары). Оларда 600-ден астам жұмысшы бар.

Үстіміздегі жылы 33 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын, құны

360 млн.теңгені құрайтын 4 жоба іске қосылды. Орташа жалақысы

150 мың теңгені құрайтын бұл кәсіпорындар мелекетке 30 млн.теңгеге жуық салық төлейді.

Анықтама үшін

1.«Жан әке» ЖШС-нің бетон бұйымдарын шығару кәсіпорны.

2.«Заңғар сауда құрылыс» ЖШС-нің құрылыс, бетон материалдарын шығару жобасы.

3.ЖК Жумадилов Сулейменнің наубайхана, кондитерлік өнімдер жобасы.

4.ЖК Жолдасова Қалияның пельмен өнімдерін дайындау цехы.

2023 жылы құны 860 млн. теңгені құрайтын, 98 адамды жұмыспен қамтитын 8 жоба жүзеге асады. Жоба іске асқан жағдайда 91 млн. теңге салық төлеп, орташа айлық жалақы 180,0 мың теңгені құрайды.

Анықтама үшін

1. ЖК С.Мамбетовтың тауарлы сүт өнімін өңдеу, құрт шығару цехы.

2. ЖК Е.Досмамбетовтың ешкі сүтін өңдеу жобасы.

3. ЖК Д.Бектасовтың бетон өнімдерін шығару зауыты.

4. ЖК Н. Қоянбаевтың наубайхана және кондитерлік өнімдер шығару жобасы.

5. ЖК А.Надирбековтың тұрмысқа қажетті химиялық заттарды шығару жобасы.

6. ЖК Т.Жалғасбаевтың балықтан жем және май дайындау жобасы.

7. ЖК Тоқбайдың еврозабор, брусчатка құрылыс материалдары шығару жобасы.

Кәсіпкерлік саласы. Іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес субъектілері 8637 бірлікті (102,5%) құрап, онда 10726 адам жұмыспен қамтылды (103,5 %). Өндірілген өнім 9,5 млрд.теңгені құрады (128,4%).

Несиелендіру жұмыстары. Аудандағы кәсіпкерлер мен шаруаларды қолдау мақсатында «Оңтүстік» АИО» ЖШС және «Ырыс» МҚҰ арқылы көктемгі дала жұмыстары үшін 72 жоба 185,9 млн. теңгеге қаржыландырылды.

«Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы» аясында 36 жоба 1,8 млрд. теңгеге қаржыландырылды. Оның ішінде 1 жоба мақта өңдеу зауытына 1,0 млрд. теңгеге, балық шаруашылығы саласына 1 жоба 110,0 млн. теңгеге, 1 жоба балабақша құрылысына 42,0 млн. теңгеге, қалған жобалар ауылашаруашылығы саласына бағытталған. Нәтижесінде 184 азамат жұмыспен қамтылды.

Жаушықұм алқабын игеру. Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту, жерлерді ұтымды пайдалану, өнімді арттыру, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мақсатында Шардара су қоймасынан механикалық әдіспен Жаушықұм алқабының 12192 га жерді суландыру жобасы іске асырылуда. Жоба құны 10,8 млрд. теңге. Мердігер мекеме тарапынан 1-2-ші насос станцияларында топырақ қазу жұмыстары мен 3,5 шқ инспекторлық жол салу жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстарына 30 техника, 50 адам жұмылдырылған.

Жоба толығымен іске асқан жағдайда 12192 га жер айналымға қосылып, 6 мыңға жуық адамға тұрақты жұмыс орындары ашылады.

12 млрд теңгеге жуық ауыл шаруашылығы өнімі өндірілетін болады.

Шардара ауданында «Ирригациялық дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының 2-кезеңін (ПУИД-2) іске асыру жұмыстары. Ауданда ПУИД-2 (ИДЖЖ-2) жобасы аясында Алатау батыр, Қызылқұм, Сүткент ауыл округтеріндегі 20630,0 га суармалы егістік алқаптарда орналасқан ағын су нысандарын (каналдар, қашыртқылар, гидротехникалық құрылыстар және т.б.) қайта құрылымдаудан өткізу үшін тиісті жұмыстар қолға алынған. Бүгінгі таңға ағын су каналдарын қайта құрылымдау жұмыстарының 45,5% пайызы (75,5 шқ), ағын су қашыртқылары тазалау жұмыстарының 47,8% аяқталған (193 шқ). Жобаның жалпы құны: 23,3 млрд. теңгені құрайды. Іске асу мерзімі: 2020-2024 жылдар. (2022 жылға 6 млрд, 2023 жылға 5,1 млрд. теңге, 2024 жылға 5,1 млрд. теңге жоспарланған).

Анықтама үшін: Жалпы жөндеуден өтетін каналдардың ұзындығы – 284,9 км, оның ішінде: бетонмен қапталатыны – 165,8 км, каналдарға орнатылатын қондырғылар – 1287 дана, қашыртқыларды механикалық тазалау – 404,8 км, қашыртқыларға орнатылатын қондырғылар – 428 дана. Құрылыс жұмыстарына 60 дана техника, 200 адам қатысуда.

Туризм саласын дамыту. Ауданда демалушыларды орналастыру орындарының саны 14 бірлік құрады. Туристтерге көрсетілген қызметтердің көлемі 190,3 млн теңге құраса, келушілердің саны 2631 адамға жеткен.

Туризм саласында қосымша 33 жұмыс орнын құрайтын, 4 инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қолға алынды.

Анықтама үшін: 1. «ВM Dekor Service» ЖШС Сырдария өзенінің бойыннан демалыс кешені (Нысан пайдалануға берілді).

2. ЖК «Бекет Қадірдің» аквапарк жобасы (Нысан пайдалануға берілді).

3. ЖК «Ж.Салыкбаеваның» 12 орындық «Алтын анар» қонақ үй құрылысы (Нысан пайдалануға берілді).

4. ЖК «Д.Романның» 6 бөлмелі қонақ үй құрылысы (Нысан пайдалануға берілді).

Құрылыс саласы. Ағымдағы жылы құны 831,5 млн. теңгені құрайтын 6 нысанның құрылысын жүргізу қолға алынған (1 нысан құрылысы аяқталған).

1. Шардара қаласында судан құтқару бекеті ғимаратының құрылысына жергілікті бюджеттен 22,8 млн. теңге жоспарланып, 2022 жылдың тамыз айында толық аяқталды.

2. «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында Ұлттық қор есебінен Жаушықұм ауылында 397,3 млн. теңгеге мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде. Нысан 2023 жылы пайдалануға беріледі.

3. Республикалық бюджет есебінен (2 нысан) Қоссейіт ауылын сумен жабдықтау жобасына 32,4 млн. теңге, электр желілерінің құрылысына 36,7 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2023 жылы пайдалануға беріледі.

4. Аудандық бюджеттен Ұзын ата ауылдық округі әкімі аппараты ғимараттың құрылысына 117,2 млн. теңге жоспарланып, осы қыркүйек айынан бастап құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Нысан 2023 жылы пайдалануға беріледі.

5. Республикалық бюджеттен Шардара қаласы 4-ші мөлтек ауданына инженерлік инфрақұрылым құрылысы (су желісі 2-кезең) жобасына 225,1 млн. теңге жоспарланып, құрылыс жұмыстары басталды.

Бұдан бөлек, құны 1571,0 млн. теңгені құрайтын, 150 келушіге арналған Шардара қаласында емхана құрылысы жүргізілуде. Нысан пайдалануға берілді.

Табиғи газбен қамтамасыз ету. Аудан бойынша 25 елді мекеннің 10 елді мекені және Шардара қаласының 3 шағын ауданы табиғи газбен қамтамасыз етілген. Оларда тұратын халық 44,3 мың адам, бұл аудан тұрғындарының 55,4 %.

Анықтама үшін: Табиғи газға қосылған елді мекендер: Ұзын ата (4751 адам), Алатау батыр (9063), Қызылқұм (2 659 адам), Сүткент (3066 адам), Ақалтын (2580 адам), Егізқұм (1854 адам), Достық (3250 адам), Көксу (6953 адам), Қоссейіт (4959 адам) Шардара қаласының (№14 Бекет, Мұнай базасы, Өтеғұл шағын ауданы (5200 адам).

Бүгінгі таңға құрылысы 2021 жылдан басталған құны 3430,6 млн. теңгені құрайтын қаладағы 12 шағын ауданда газбен қамту жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсаттарға 2022 жылы Ұлттық қордан және Республикалық бюджеттен 1 211,9 млн. теңге қаржы қаралды. Осы жылдың желтоқсан айында Шардара қаласындағы 9 шағын аудан табиғи газ көзіне қосылады. Нәтижесінде 17 478 тұрғын табиға газ көзіне қосылып, жалпы Шардара қаласының 71 пайыз тұрғыны газ көзіне қосылады. Қалған 3 шағын аудан 2023 жылы табиғи газ көзіне қосылады.

Одан бөлек, «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында Ұлттық қордан құны 767,1 млн. теңгені құрайтын Шардара ауылын газдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Жаушықұм ауылын толықтай газбен қамту мақсатында құны 433,8 млн. теңгені құрайтын ЖСҚ дайындалып, сараптама қорытындысы алынды. Осы жобалар іске асқан жағдайда Шардара қаласы толықтай, Жаушықұм ауылының 2 мыңнан астам, Шардара ауылының 5 мынан астам тұрғындары табиғи газға қосылуға мүмкіндік алады. Жалпы 2023 жылы тұрғындарының 99 пайызы табиғи газбен қамтылатын болады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек. «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде есепті мерзімде 3263 адам қатыстырылды. Оның:

1245 жұмыссыз, 1820 нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар, 198 жұмыс іздеушілер (Оның ішінде: 1331 жастар, 382 аз қамтамасыз етілгендер). Жыл соңына дейін 3312 азамат жұмыспен қамтылады.

Мемлекет басшысының 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орнын құру тапсырмасына сәйкес, бүгінгі күнге 449 жаңа жұмыс орны ашылып, жоспар 106,1 пайызға орындалды (423).

Аталған тапсырма аясында 2023 жылы ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, туризм, қызмет көрсету салаларында 400 жұмыс орнын ашу жоспарымызда бар.

Сондай-ақ, өз шешімін табуға тиісті төмендегі бірқатар жұмыстар атқарылатын болады:

– Шардара ауданын табиғи газбен қамту;

– Шардара қаласын сапалы ауыз сумен қамту;

– Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы жобаларды іске асыру;

– Халықты тұрақты жұмыспен қамту жұмыстары басты назарда болады.

Баршамызға белгілі, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Жаңа Қазақстанды құру жолындағы реформаларды бастап кетті. Бұл ретте әрбір азамат өз саласы бойынша еңбек етуі тиіс. Жаңа бастамалар Шардара ауданының экономикалық дамуына тың серпін беретіні анық. Бұл ретте, ауыл шаруашылығы, туризм және өнеркәсіп саласының даму қарқынын арттыру – басты міндетіміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған