ТҮЛКІБАСТА ЖАҢҒАҚ ӨНІМІН ЖИНАУ ЖЕКЕ КӘСІПКЕ АЙНАЛҒАН

«Түлкібас ауданында 2018 жылы 627 тонна жаңғақ өнімі жиналды» деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімдігінің ресми сайты.

Түлкібас ауданында соңғы 2 жылдың көлемінде жаңғақ шаруашылығын дамыту жолға қойылған. Жаңғақ ағашы облысымыздың барлық өңірінде өсе бермейді. Тек Түлкібас, Төлеби, Сайрам және Қазығұрт аудандарының тау бөктерінде және үй іргелік жерлерінде өседі. Түлкібас ауданының аумағында жаңғақ ағаштарын өсіріп, одан өнім алумен осы мерзімге дейін үйіргелік жерлеріне отырғызып, өнім алынып келген. 2018 жылы ауданда облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 250,0 га жаңғақ отырғызу тапсырмасы беріліп, 257,5 га отырғызылып, меже 103 пайызға орындалған.

Ағымдағы жылы аудандық статистика басқармасының ресми мәліметіне сәйкес, жаңғақ ағаштарынан 627,6 тонна өнім жиналған. Бүгінде жаңғақ өнімін жинауды аудан тұрғындары жеке кәсібі ретінде іске асыруда. Аудандық орталық базар жаңынан қабылдау пункттерін ашып, сапасына қарай өнімнің піскен кезінде бағасы 400-500 теңгеден сатып алып, қайта өндеуден өткізіп, қабығынан ажыратып (пайдалануға дайын күйінде), облыстағы ірі сауда орталықтары мен кондитерлік цехтарға немесе басқа өңірлерге келісін 1200-1500 теңгеден өткізеді екен.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған