ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА ЖАЙСЫЗ ОҚИҒА ТІРКЕЛМЕСІН ДЕСЕК…

2022-2023 жылдарға жылыту маусымы басталмас бұрын Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен және №12 Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен Кентау қаласының әкімдігіне қарасты Ішкі саясат бөлімі, Жастар Ресурстар орталығының еріктілері және полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Кентау қаласына қарасты ауылдарда өрттің алдын алу жұмыстарына әлеуметтік осал топтағы азаматтардың және көп балалы аз қамтылған отбасылардың, зейнеткерлер мен мүгедектердің тұрғын үйлеріне газ құрылғыларын пайдаланудағы қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша және балалардың терезеден құлап кету оқиғаларын болдырмау мақсатында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, арнайы жадынама парақшалары таратылды.

Үгіт насихат барысында төмендегі талаптар түсіндірілді.

– Кез-келген газ жүйесін құрастыру тек мамандандырылған ұйыммен жүргізілуі тиіс.

– Газ қондырғысы орнатылған бөлмеде міндетті түрде газосигнализатор қондырғысы орнатылуы керек.

– Газ аспаптарының, түтіндіктер мен желдеткіштердің қалыпты жұмыс істеуіне бақылау жасау, түтіндікке газ жану өнімдерін бұратын газ аспаптарын қосқанға дейін және жұмыс істеуі кезінде түтін тартылуын тексеру.

– Түтіндіктің «қалтасын» мерзімінде тазалап отыру.

– Газды пайдаланып болған соң газ аспаптарын және олардың алдындағы крандарды жабу.

– Газ жабдығы жарамсыз болғанда арнайы мекеме қызметкерлерін шақырту.

– Пәтер ішінде газ иісі пайда болған кезде, газ аспаптарын қолдануды дереу тоқтату, аспаптарға жалғанған және аспаптардағы крандарды жабу.

– Үй-жайды желдету үшін терезелер мен желкөздерді ашу.

– 104 телефоны бойынша апаттық қызметті шақырту.

– От жақпау, темекі тартпау, электр жарығы мен электр құралдарды қоспау және қосулы болса, сөндірмеу, электр қоңырауларды пайдаланбау.

– Газ құбырлары мен газ жабдықтарын тексеру және жөндеу үшін тәуліктің кез-келген уақытында пәтерге газ шаруашылығы кәсіпорнының қызметкерлерін олар қызметтік куәліктерін көрсеткен кезде кіргізу.

 Тұрғындарға жоғарыда аталған тақырыптар бойынша қауіпсіздік шараларын сақтау, жас балаларды үйде жалғыз қалдырмау жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынама парақшалары таратылды.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған