ЖЕМҚОРЛЫҚ – ЖОЙЫЛМАЙ ОТЫРҒАН КЕСЕЛДІҢ БІРІ

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, Созақ ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және № 11 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, Созақ ауданы Шолаққорған ауылындағы «Аманат» партиясының өкілімен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» мақсатында, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

ЖЕМҚОРЛЫҚ – ЖОЙЫЛМАЙ ОТЫРҒАН КЕСЕЛДІҢ БІРІ

Сондай-ақ бұл бағыттағы іс-шара Сайрам ауданында да жалғасты. Аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі М. Баймбетов, «Amanat» партиясы Сайрам аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының мүшесі А. Әбдіқадіров, Облыстық «Дін мәселесін зерттеу орталығының» теолог маманы Ж. Жорабек, Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КМС-нің теолог маманы Ж. Битановтың қатысуымен Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы және №6 Өрт сөндіру бекеті, №23, №17 өрт сөндіру бекеттерінің жеке құрамына «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу», «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жиналыс өткізілді.

«Amanat» партиясының ұйымдастырылуымен Шардара ауданында іс-шара өтті. «Amanat» партиясының аудандық филиалындағы Сыбайлас жемқорлықты алдын алу бағытында өткен жиында «Amanat» партиясының Шардара аудандық филиалының есепке тіркеу және статистика секторының меңгерушісі Сейдалиева Сәуле Құралбекқызы баяндама жасап, жемқорлықтың алдын алып, онымен барынша күресу керектігі айтылып жиынды қорытындылады.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған