ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ – ӘРБІР ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ МІНДЕТІ

Құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу – әрбір қызметкердің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өңірдегі бөлімдерінде жемқорлықтың алдын алу жөніндегі заңнамасының бұзылуына жол бермеу мақсатында, Сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылықтарға жол бермеу бағытында тоқсан сайын қызметкерлердің қатысуымен дөңгелек үстелдер мен жиналыстар өткізілуде.

Осыған орай, «Amanat» партиясының Келес аудандық филиалында Келес ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің кызметкерлеріне Сыбайлас жемқорлықты алдын алу бағытында жиын өткізілді. Іс-шара барысында «Amanat» партиясының Келес аудандық филиалының төрағасы А.Жұмабеков баяндама жасап, жемқорлықтың алдын алып, онымен барынша күресу керектігі айтылып, жиынды қорытындылады.

Сондай-ақ Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Кадр саясаты басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Турекулов Бекболат Оринбаевич, «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының Түркістан облыстық филиалының төрағасы қалалық маслихат депутаты Жұман Жансерік Бауыржанұлы, Түркістан қаласы «Ән-нұр» мешітінің имамы Тұрсынбаев Нұржан Алиакбарович, Түркістан қаласы патрульдік полиция батальонының қызмет жөніндегі орынбасары полиция капитаны Бадамбаев Азамат Алмасбайұлы, Түркістан обылыс Төтенше жағдайлар департаменті “ӨСжАҚЖҚ” ММ бастығының орынбасары а.қ. полковнигі Маханбетов Калжигит Отжановичтың қатысуымен Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлеріне және №1, №39, №24 өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлеріне “Сыбайлас жемқорлықты алдын алу” және қызметкерлер арасында “Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу”, жол қозғалыс ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жиналыс өткізілді.

Ал Арыс аудандық «Аманат» партиясының мәжіліс залында аудандық азаматтық қорғау қызметінің жеке құрамымен дөңгелек үстел өткізілді. Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылық талаптарын, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін және әскери-қызметтік тәртібін сақтау, Жол көлік оқиғасының алдын алу, суицид, экстремистік лаңкестік әрекеттерінің алдын-алу мәселелері қарастырылды. Шара барысында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚР Заңы Республиканың бүкіл аумағындағы заңды және жеке тұлғалардың барлығына қатысты екені және осы заңның талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі ескертіліп, заңның алдында бәрінің дәрежелері тең екендігі айтылды.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған