ЕРЛІК ЖАСАҒАН ҚАЙЫРЫМДЫ БАТЫР

Кентау қаласының өрт сөндірушісі, азаматтық қорғау аға сержанты Нұрғали Керімбеков «Үздік ерлік жасаған қайырымды батыр» атағын алды.

Біреудің арманын орындау кез келгеннің қолынан келмейтін үлкен ерлік! Бүгінде осындай игі істерді жасап, алғыс арқалап жүрген жастар саны жетерлік. Мәселен елімізде адамдарға жақсылық жасаудан жарысып жүрген «Мейірімді асыл адам» қайырымдылық қоры бар. Бұл қайырымдылық қорында еріктілер, халыққа қамқор болып, қолдау көрсетіп жүреді. Сондай-ақ әр жылы қорытынды мерекелік шарасын ұйымдастырып, қайырымдылық жасап, ел аузында қалған «Асыл адамдарды» анықтап, марапаттайды.

2022 жылғы 30 сәуірде, 19 сағат 46 минутта Кентау қаласындағы №12 өрт сөндіру бөлімінің (бұдан әрі – Бөлім) байланыс бөліміне Кентау қаласы, Сарыбас ауылы, Төреқұлов көшесі, №1 үйдің жанындағы су ағып тұрған диаметрі 0,5 метрлік темір құбырдың ішіне 2020 жылы туылған азамат Есмахан Абдрахман Серікұлы суға құлап кетуі бойынша хабар түскен. Оқиға орнына 19 сағат 47 минутта 3 қызметкер 1 өрт сөндіру автокөліктерімен шығып, 19 сағат 52 минутта аталған мекен-жайға жеткен.

Оқиға орнынан анықталғаны: 2020 жылы туылған азамат Абдрахман Серікұлы Есмахан ұзындығы 25 метр, диаметрі 0,5 метрлік темір құбыр ішінен шыға алмай қалған. Бөлімнің бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Нұрғали Жүсіпәліұлы Керімбеков құтқару арқанын беліне байлап, құбырға түскен.

Қатерлі қауіпке қарамастан азаматтық қорғау аға сержанты Н. Керімбеков баланы дер кезінде алып шығып, медицина қызметкерлеріне табыстады.

Бұл оқиға қайырымдылықпен айналысатын ерікті жастардың назарына ілігіп, қордың мерекелік кешінде өрт сөндірушіні марапаттауға шешім шығарған. Осылайша елдің алғысына бөленген өрт сөндірушілердің мәртебесі артты.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған