ТҰРҒЫНДАР МЕН ЖАС БАЛАЛАРҒА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Сауран ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, Шорнақ ауылындағы №24 Өрт сөндіру бөлімі және Сауран ауданы Полиция бөлімі, Оранғай ауыл округ әкімшілігінің қызметкерлерімен бірлесе отырып рейдтік жұмыстар өткізілді.

Аудан аумағында орналасқан арнайы жабдықталмаған орындарда шомылып жүрген тұрғындар мен жас балаларға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шара барысында тыйым салынған белгісі бар орындарға және мас күйде шомылмау керектігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қатысқан барлық адамдарға ескертпе жадынамаларын таратып, көрнекі жерлерге ілінді. Азаматтарға облыс аумағымен аудан аумағында орын алған қайғылы оқиғаларға шолулар жасап түсіндірді. Сонымен қатар арнайы жабдықталмаған су айдындарында шомылуға тыйым салынатыны жөнінде және әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364-бабы) туралы хабардар етті.

Ескерте кетейік, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364-бабында көрсетілген ортақ су пайдалану қағидаларын бұзуға төмендегідей іс-әрекеттер жатады:

1. Ортақ су пайдалану қағидаларын:

1) тыйым салынған жерлерде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын көлемді кемелермен және басқа да жүзетін құралдармен жүзу;

2) жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдаланудағы су объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеу түрінде жасалған бұзушылық – жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – жеке тұлғаларға – екі, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он жеті, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған