ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Ерлік жасау әркімнің қолынан келе бермейді. Дегенмен Түркістан өңірінде өз басын қауіпке тігіп, өзгенің өмірін қорғап қалған азаматтар бар. Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бейбіт күннің батырларын қабылдап, құрмет көрсетті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

— Бүгін біз шын мәнінде нағыз патриот, батыл азаматтармен жүздесіп отырмыз. Сіздер қазіргі жастар үшін үлгісіздер. Олар отаншылдықтың не екенін сіздерден үйренеді.

Жалпы Түркістан облысында патриоттар өте көп.  Арыс апаты мен Мақтааралдағы су тасқынында облысымыздың ерікті жастары, патриоттары күндіз-түні елге қызмет етті. Оны ел жақсы біледі. Бұның бәрі өңір тұрғындарының мықтылығын, елге жанашырлығын көрсетеді. Сіздер тұрғындарды өрттен, апаттан құтқарып, ерлік жасадыңыздар. Бейбіт күннің батыры атанып жүрсіздер. Қасиетті байрағымызды оттан алып шыққан бауырымызға да рахмет. Осындай азаматтарды елге танытып, насихаттауымыз керек. Біз сіздермен мақтанамыз,  — деді Өмірзақ Шөкеев.

Батылдық пен батырлықтың үлгісін көрсеткен Түркістан облысының азаматтарын облыс әкімі «Түркістан облысына сіңірген еңбегі» үшін төсбелгісімен марапаттады. Олардың бірі —күні кеше ғана ерлігінің арқасында елге танылған Қансейіт Мұхаммед. Оның отаншыл болмысын күллі ел көрді. Сайрам аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері Ақсукент ауылында орналасқан әрі өзі жұмыс істейтін ғимаратта болған өрт кезінде шатыр үстіндегі Мемлекеттік Туды оттан алып шыққан болатын.

Хайруллаев Аян Рысбекұлы — Жетісай аудандық полиция бөлімінің миграция бөлімшесінің басшысы. Ол төнген қауіпке қарамай, бейтаныс кейуананы өрттің ортасынан аман алып шыққан. 

Нұрғали Керімбеков — Кентау қаласы, №12 Өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты. Өз ісінің шебері су құбырына құлап кеткен 2 жастағы баланы құтқарып алды.

Батырлардың бірі Рысбек Мейірбек Нұржігітұлы — Қазығұрт ауданының тұрғыны. Ол әжетханаға түсіп кеткен 1 жастағы баланы құтқарып алып шығып,  елді сүйіндірді.

Батыл азаматтар өңір басшысының ілтипатына ризашылық білдіріп,  қоғамның дамуына қызмет етуге дайын екендерін жеткізді.

УМИРЗАК ШУКЕЕВ ЧЕСТВОВАЛ ГЕРОЕВ МИРНЫХ ДНЕЙ

Совершить подвиг удается не каждому. В Туркестанской области есть граждане, которые, рискуя своей жизнью, защищают чужую. Сегодня аким Туркестанской области Умирзак Шукеев чествовал таких героев.

– Сегодня мы встречаемся с действительно настоящими патриотами, смелыми гражданами. Вы пример для современной молодежи. Они узнают от вас, что такое патриотизм. В регионе немало граждан, которых можно назвать настоящими патриотами. Добровольцы спасали людей и скот во время трагедий в Арыси и Мактаарале. Об этом знает вся страна. Наша молодежь участвовала в военно-патриотическом молодежном конкурсе «Айбын». Туркестанская область завоевала Кубок патриотов. Все это свидетельствует о готовности жителей региона защищать Родину. Вы совершаете подвиг, спасая людей от пожаров и катастроф. Вы герои мирного дня. О таких людях нужно  рассказывать. Мы гордимся вами и готовы поддержать ваши инициативы. Туркестан развивается благодаря таким гражданам. Новому Казахстану нужны такие смелые, отзывчивые люди, как вы, – сказал аким.

Хайруллаев Аян Рысбекович, руководитель миграционного отделения Жетысайского районного отдела полиции, вынес пожилую женщину из пожара.

Кансеит Мухаммед Абылкасымович, сотрудник Сайрамского районного центра занятости населения при пожаре в здании, расположенном в селе Аксукент и в котором он работает, снял во время пожара государственный флаг с крыши.

Рысбек Мейрбек Нуржигитович, житель Казыгуртского района, спас годовалого ребенка, который упал в туалет.

Керимбеков Нургали Жусупалиевич, командир отделения пожарной части №12 города Кентау, старший сержант гражданской защиты, спас двухлетнего малыша, который упал в трубу.

Награжденные герои выразили благодарность за внимание акиму области и выразили готовность служить обществу.

mixnews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған