ҚАРУ ЖӘНЕ ОҚ-ДӘРІ ЖАСАҒАНДАР ТҰТҚЫНДАЛДЫ

«Түркістан облысының полицейлері қару және оқ-дәрі жасағандарды тұтқындады» деп хабарлайды Түркістан облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.

Төлеби ауданының полиция бөліміне атыс қаруы мен оқ-дәрі жасаумен айналысатын әлдекімдер бар екендігі туралы хабарлама келіп түскен. Көрсетілген мекен-жайға полиция қызметкерлері бірден барып, жедел іздестіру шарасы барысында Төлеби ауданының екі тұрғынын қолға түсірген.

Ұсталған бір күдіктінің үйін тінту барысында тапаншаға ұқсас қолдан жасалған екі қару және шамамен 70-тен оқ табылып, тәркіленген.

Болған оқиға ҚР ҚК 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» және «Қаруды заңсыз жасау» 288-бабымен СДТБТ тіркеліп, күдіктілер қамауға алынған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полицейлер күдіктілердің атыс қаруын заңсыз жасаумен айналысу және сақтау мақсаттарын анықтауда. Дайындалған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сатып алу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған