Түркістан облысында өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен өндіріс орындарын ашу жұмыстары күшейтілді. Аймақтардың ерекшеліктері зерделеніп, негізгі бағыттары айқындалған. Осы ретте Сауран ауданына қарасты Қарашық ауылдық округінде жаңа өндіріс орны жұмысын бастады. Жеке кәсіпкер Нуришев Дилшат басқаратын «Soft Line» кәсіпорны жұмсақ жиһаз өндіруге маманданған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жобаның жалпы құны 250 миллион теңгені құрайды. Өндіріс орны іске қосылуы нәтижесінде 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Аталған жоба өңірдегі шағын және орта бизнесті дамытуға серпін беріп, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға өз үлесін қосып жатыр.

