ТӘТТІГЕ ТӘБЕТІҢІЗДІ ТЫЙҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ…

 

Бойкүйездікке бой алдырған кезде кейде тәттіге ұмтыламыз. Іштегі ащы уайымды тәтті жеңетіндей құмартамыз. Ал тәтті тағам мүсінімізді ғана бұзып қоймай, денсаулыққа да зиян екені белгілі. Ендеше тәттіге деген тәбетті қалай тыюға болады?

  1. Ең алдымен көңілді де, ақжарқын (досыңыз немесе туысыңыз болуы мүмкін) адаммен әңгімелесіңіз. Үнемі жүзінен күлкі кетпей, әзілін төгіп жүретін жанмен әңгімелесу – Сіздің тәттіге деген тәбетіңізді шектеуі әбден мүмкін.
  2. Теледидар қосып, 2 сағаттық көңілді көтерер жақсы кино көріңіз. Сонда да тәттіні аңсап тұрсаңыз, онда тек жеміс немесе көкөніске қол созыңыз.
  3. Киіміңізді шешіп, айнаға қараңыз. Үлкен айнадан тәттінің арқасында май басып келе жатқан мүсініңізді көріп, асүйге барар бағытыңыз өзгеруі мүмкін.
  4. Күйзелісті тәттімен жеңемін деп ойламаңыз. Тәттіні аңсап, аласұра бастасаңыз онда білек сыбанып жұмысқа кірісіңіз. Барлық бөлменің еденін жуып шығыңыз. Үйде бітпей жатқан басқа да тіліктермен айналысыңыз. Тірлік біткен соң, тәттіге деген тәбетіңіз де басылады.
  5. Әдемі қиялға беріліңіз. Мәселен «келесі отырысқа немесе тойға қандай көйлегімді кисем екен? т.б». Қызықты кітап, газет оқыңыз. Әдемі қиялдай білу, сұлулықты көз алдыңызға елестету тәттіге құмарлығыңызды азайтады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған