НАУРЫЗ АЙЫНДА ҚАНША КҮН ДЕМАЛАМЫЗ?

ҚР электрондық үкіметінде жарияланған күнтізбеге сәйкес 2019 жылғы наурыз айында қазақстандықтар 14 күн демалады.

Халықаралық әйелдер күні жұма күнге тұспа-тұс келіп тұр. Сондықтан бұл күн жылжытылмайды. Ал Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай, айдың 21-і мен 25-і аралығы қатарынан демалыс күндері болады. Наурыздың 23-і сенбіге тура келгендіктен, демалыс күні 25-іне, яғни дүйсенбіге жылжытылады. Осылайша Қазақ елі Наурыз мейрамын күнтізбелік демалыстарды қосқанда 5 күн тойлайды.

Барлық күнтізбелік және мерекелік демалыс күндерін қоса есептегенде, қазақстандықтар наурыз айының 14 күнін демалыста өткізеді екен. Наурыз айы – 2019 жылғы демалыс күні ең көп ай болып есептеледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған