ӨЗІҢІЗГЕ КӨҢІЛІҢІЗ ТОЛА МА?

 

Өзіне-өзі көңіл толмау – өмірін улаумен тең. Төмендегі тест сұрақтары өзіңізге қаншалықты көңіліңіз толатынын көрсетеді.

           1. Өміріңізді басынан бастағыңыз келе ме? Егер басынан бастағыңыз келсе, қазіргі өмірлік жолдасыңызбен бірге.

Иә – 4 балл

Жоқ – 16 балл

  1. Сіздің сүйікті айналысатын (хобби) ісіңіз бар ма?

Иә – 18 балл

Жоқ – 5 балл

  1. Бір қиындыққа тап бола қалсаңыз, «мұндай жағдай тек қана менің өмірімде ғана кездеседі» деп ойлайсыз ба?

Иә – 6 балл

Жоқ -12 балл

  1. Өзгенің Сізге қызыққанын сезсеңіз, бойыңызды қуаныш билей-ді ме?

Иә -16 балл

Жоқ – 2 балл

  1. Басқалар Сіз жайында «реңсіз, келбеті келіспеген» деп айтса, уайымға берілесіз бе?

Иә – 3 балл

Жоқ – 12 балл

  1. Басыңыздағы қиындық танысыңызда кездесе қалса, сол арқылы жұбаныш табасыз ба?

Иә – 18 балл

Жоқ – 5 балл

  1. Басқалардың Сізден озып бара жатқанын көріп, қиналасыз ба?

Иә – 2 балл

Жоқ -16 балл

  1. Лотереядан ұтыс ұтып алуды жиі армандайсыз ба?

Иә – 4 балл

Жоқ – 20 балл

  1. Таныстарыңыз бағалы зат алса, тамыр соғуыңыз жиілей ме?

Иә -1 балл

Жоқ – 12 балл

  1. Көпшіліктің ортасына шығып сөйлеуді ұнатасыз ба?

Иә – 16 балл

Жоқ – 3 балл

 

ҚОРЫТЫНДЫ:

120 баллдың төңірегінде – Сіз өзіңізге өте риза жансыз. Бірақ өзіңізге өзіңіз сырттай сыни көзқараспен қарап көру артық болмайды.

60 -120 балл – Сізді өзіне өте сенімді жан деп айтуға болмайды. Өзіңізді бағалау айналада болып жатқан жағдайларға байланысты құбылып тұрады. Сырттың пікіріне емес, Өзіңіздің жүрегіңізге құлақ түріңіз.

60 балл – Өзіңізді өте төмен бағалайсыз. Бұл арқылы көптеген жақсылықтардан шеттеп қаласыз. Өз бағаңызды біліп, Өзіңізді өзіңіз жақсы көруге үйреніңіз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған