Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мамандары ескертеді

Жаз мезгілі біздің өңір өзінің  өте жоғары температурасымен еліміздегі өзге өңірлерге қарағанда көш бастап тұр. Иә, ағымдағы апта аптап ыстықтар кезінде көптеген адамдарды атыздарға, өзендерге,  жабық бассейндерге, ғимаратты бассейндерде шомылуы күрт көбейгені де рас. Осы орайда судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Түркістан облысы ТЖ департаменті су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы ескертеді:

– мас күйінде және есірткіге масайған күйде суға түсуге және шомылуға;

– қайықтардан, катерлерден, өткелдерден, сондай-ақ осы мақсатқа арналмаған құрылыстардан суға секіруге;

– тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға сүңгуге;

– жүзу шегін білдіретін қалтқы белгілерден асуға;

– жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;

– су айдындарын ластауға және қоқсытуға;

– жағалауда және киім ауыстыратын орындарда демалушыларды жарақаттауы мүмкін қоқыстарды қалдыруға;

– жалған дабыл беріп айғайлауға;

– техникалық және алдын алу белгілерінің, қалтқы белгілерінің үстіне шығуға;

– балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге рұқсат етілмейді.

Бауыржан Момышұлы атамыз «тәртіпке бағынған құл болмас» деген. Демек осы тәртіпке, ережеге бағынуымыз тиіс.  Осы аталған ескертулерді есте сақтай жүрулеріңізді сұраймыз. Ақпараттандыру  біздің сайт тілшілерінің негізі мақсат. Сондықтан аталмыш ережелерді жариялап отырмыз.

mixnews.kz –ақпарат

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған